10% жеңілдік


– Ерекше үлгідегі аттестаты және үздік дипломы бар күндізгі және сырттай бөлімінің талапкерлеріне, тек жеделдетілген бағдарлама бойынша оқитындардан басқасына бірінші оқу жылында 10% жеңілдік;

– Бір жыл бойы «үздік» оқыған күндізгі бөлім студенттеріне әр келесі оқу семестріне 10% жеңілдік;

– «Спорт шебері», «Спорт шеберінің кандидаты» атағы бар студенттерге барлық оқу кезеңіне 10% жеңілдік;

– Бір отбасыдан екі немесе одан да көп студент оқитын болса, күндізгі бөлімінде бірге оқу кезеңіне 10 % жеңілдік.

20% жеңілдік


–  Қостанай техникалық – экономикалық колледжінің (ҚТЭК) түлектеріне бірінші оқу жылына (күндізгі бөлімінде) 20% жеңілдік беріледі.

50% жеңілдік


– Жетім балалар мен ата-ананың қамқорысыз қалған балаларға барлық оқу кезеңіне жалпы оқу құнынан 50% жеңілдік беріледі.

Әр оқу жылына ҚИнЭУ Ректорының 10 Гранты бөлінеді:


– Екі алтын Гранды, бірінші оқу жылына 100% мөлшеріндегі төлемімен. Осы Грантты алуға 100 балдан жоғары ҰБТ сертификатымен талапкерлер қатысады;

– Төрт күміс Гранты, бірінші оқу жылына 75% мөлшеріндегі төлемімен. Осы Грантты алуға 80 балдан 99 балға дейінгі ҰБТ сертификатымен талапкерлер қатысады;

– Төрт қола Гранты, бірінші оқу жылына 50% мөлшеріндегі төлемімен. Осы Грантты алуға 60-нен 79 балға дейінгі ҰБТ сертификатымен талапкерлер қатысады.

Скачать (DOCX, 19KB)