Университетке ҰБТ және ТКТ өту ұпайысыз-ақ түсу мүмкіндігі

Мәдени тынығу жұмысы ерекше амалмен ұйымдастырылған және жеке тұлғаны жалған емес шын өмірге қосуға арналған мәдени кеңістік-уақытша дамитын ортаны құруға бағытталған.

Мәдени тынығу қызметі – бұл материалдық және рухани формасында берілген мәдениетке қатыстыру үрдісі.

Мәдени тынығу жұмысы бакалавр кәсіби қызметінің бағыттары:

  • көпшілік көрермендер үшін театр, хореография және спектальдер үшін көріністер қою;
  • кино, теле- және бейнефильмдердің медиа композициясымен жұмыс;
  • шығармашылық ұжымды басқару;
  • мәдениет және бұқаралық ақпарат құралдар саласындағы оқытушылық (педагогикалық) қызметті жүзеге асыру.

Бакалавр кәсіби қызметінің мәні мынада:

  • тұрғындар арасында мәдени тынығу жұмысын ұйымдастыру;
  • мәдени тынығу іс-шараларының әдістеме және мазмұнының тиімділігін талдау және арттыру;
  • шығармашылық ұжымды және тәрбиелік жүмысты басқару;
  • мәдениет пәндерін білікті оқыту.